Астанада мектептегі референдум учаскесі жұмысын Әнұранмен бастады

Елордада орналасқан №66 мектепте ашылған №165 референдум учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

№165 референдум учаскесі жұмысын таңғы сағат 7:00-де бастады.

Референдум учаскесі ашылғанда ең алдымен еліміздің Әнұраны қойылды.

Учаскеде жергілікті байқаушылар мен БАҚ өкілдері халықтың өз таңдауын жасау процесін бақылап отыр.

№165 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Мұрат Сапарғалиев учаскеде жұмыс ойдағыдай жүріп жатқанын айтты.

Учаскемізде 2 784 адам тіркелген. 2 812 бюллетень алдық. Міне оларды таратып бердік. Өздеріңіз көріп отырғандай, жұмыс басталып кетті. Бәрі өз жұмысын істеп жатыр. Дайындық жұмыстары да жақсы жүргізілді, - деді комиссия төрағасы.

Ол әлі ерте болғандықтан халықтың басым көпшілігі өз таңдауын жасауға 10.00-ге қарай келе бастайтынын айтты.

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық республикалық референдум басталғанын айта кетейік.

6 қазан күні таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін референдум өтеді. Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 176 968 адам бар.

Дауыс беру учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істейді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы