Астанада мектеп жәрмеңкесі үшін қосымша орын ашылады

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп жәрмеңкесі үшін қосымша орын ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара 25-27 тамыз күндері Алаш тас жолы, 31/1а мекенжайында өтеді.

Елорда тұрғындары мектеп формасы мен кеңсе тауарларын қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Ұйымдастырушылар тауарлардың бағасы нарықтық бағадан төмен болатынын және ұсынылған тауарлардың неше түрі болатынын мәлім етті. Осы мақсатта 20-дан астам сауда орны тартылады.

Мектеп жәрмеңкесі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын мектеп жәрмеңкесінің тағы бір орнына барып, мектеп тауарларын тиімді бағада сатып алуға шақырамыз.

Айта кетейік, биыл 12 тамыздан бастап елордада мектеп жәрмеңкелері жұмысын бастады.
Жәрмеңкелерге әр сенбі мен жексенбі күндері айдың соңына дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін баруға болады.

Олар мына орындарда орналасады:

1) Нұра ауданындағы цирк тұрағы;
2) Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда үйі алдындағы «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы;
3) Сарыарқа ауданындағы Demalys Promenade аллеясы, Қосшығұлұлы көшесі, 14;
4) Есіл ауданындағы Ботаникалық бақтың тұрағы;
5) Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылы, 20а.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы