21 Тамыз 2026, 08:41 Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада мектеп тауарларының жәрмеңкелері өтіп жатыр

Мектеп жәрмеңкелері 31 тамызға дейін жалғасады.

Астананың барлық ауданында 1-31 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындар жаңа оқу жылына қажетті кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын қолжетімді бағамен сатып ала алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазір жәрмеңкелер қаланың бірнеше сауда нүктесінде жұмыс істеп тұр. Оларға күн сайын 200-ден 400-ге дейін адам келіп, оқу жылына қажетті тауарларды сатып алуда.

Жәрмеңкелер әр демалыс сайын мына мекенжайларда өтеді:

  • Сарыарқа ауданы: «Рахмет» СОО – Н. Тілендиев даңғылы, 15;
  • Нұра ауданы: «Magnum» супермаркеті – Тұран көшесі, 55Д; «Era bazary» – Қорғалжын тасжолы, 96;
  • Алматы ауданы: «Гүлжан» СҮ – Абылай хан даңғылы, 34; «Астана Молл» СОО – Тәуелсіздік даңғылы, 34;
  • Сарайшық ауданы: «Жібек жолы» СОО – А. Байтұрсынов көшесі, 34; «Damu Mall» СОО – Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;
  • Байқоңыр ауданы: «Аймақ-Тау» СҮ – С. Сейфуллин көшесі, 45/1.

Сонымен қатар елордада әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына арналған «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Ірі сауда орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылып, тұрғындар оған мектеп керек-жарақтары мен оқу жылына қажетті заттарды қалдыра алады.

Көмек жинау жәшіктері «Сарыарқа» СОО-да (Тұран даңғылы, 24), «Аймақ-Тау» СҮ-де (С. Сейфуллин көшесі, 45/1), «Damu Mall» СОО-да (Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26) және «Аружан» СОО-да (І. Жансүгіров көшесі, 8/1) орналасқан.

Мектеп жәрмеңкелері 31 тамызға дейін жалғасады.