Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлаған
29 қаңтарда әлеуметтік желілерде Астанада мектеп оқушылары сегізінші сынып оқушысын зорлады деген ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана полиция департаментінен хабарлағандай, полицейлер бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, бұл дерек 17 қаңтарда тіркелген.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр, - деп түсіндірді Динара Зәкиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда полицейлер жыл басынан бері үш телефон лаңкесін ұстады
Өзгелердің жаңалығы