7 Наурыз 2025 2025, 20:44 Фото: - архив

Астанада мектеп маңында жалаңаш жүгіріп жүрген ер адам ұсталды

Астанада мектептің қасында жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамды байқаған. Полиция қызметкерлері оны жедел түрде ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада мектептің қасында жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамды байқаған. Полиция қызметкерлері оны жедел түрде ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Оқиға 2025 жылдың 7 наурызында елордалық №5 гимназияның жанында болған.

Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне тапсырылды, – деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметі.