Астанада мектеп-лицейдің ғимараты сүріледі

Астанада №15 мектеп-лицейдің ғимараты сүріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорданың білім басқармасының мәліметінше, тексеру барысында Сарыарқа даңғылы, 48/1 мекенжайында орналасқан мектеп-лицейдің техникалық күйі әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған. Ғимаратқа демонтаж жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Белгілі болғандай, білім ордасының іргетасы 1963 жылы қаланған. Ол бір ауысымға 880 орынға есептелген. 

Мектепте бүгінде 1709 оқушы білім алуда. Осыған байланысты балалардың бір бөлігі – 1-4 сынып аралығындағы 709 оқушы Челюскинцев көшесі, 29/1 мекенжайындағы №56 мектеп-лицейге ауыстырылды. Қалған оқушылар – 5-11 сыныптар №9 Зерде дарынды балаларға арналған мектептің бұрынғы ғимаратына көшіріледі. Бұл ғимарат №15 мектеп-лицейде оқыған балаларға орналасқан жері бойынща жақын. Айта кетерлігі, №9 Зерде мектебі апатты жағдайда емес, - деп нақтылады басқармадан.

Сондай-ақ оқушылардың мектепке тасымалдау үшін мектеп автобусы ұйымдастырылады.

Ал сүрілген мектеп ғимаратының орнына жаңасы салынады. Білім басқармасы мұны өз бақылауына алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы