Астанада медициналық олимпиада өтіп жатыр

Астана медицина университетінде "Жүзден жүйрік – Primus inter pares – Теңдердің арасындағы бірінші" - 2023 халықаралық білім алушылар олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олимпиадаға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 20-дан астам университетінен барлығы 900-ден астам білім алушы қатысады.

Бұл ретте біздің университеттің білім алушыларымен қатар, олимпиаданың 350-ден астам қатысушысы шетелдік университеттерді, 200-ден астам қатысушысы Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген университеттерді танытты. Олимпиадаға елорданың 15 мектебінен 200-ден астам оқушы қатысады.

Олимпиада медициналық, оның ішінде теориялық және клиникалық бағыттарды, сондай-ақ медициналық емес бағыттарды қоса алғанда, 15 секция бойынша өткізіледі. Олимпиаданың жүлде қоры көзделген, бұл қатысушылар үшін ынталандыру және қосымша бонус.

Олимпиада бағдарламасына жағымды қосымша ретінде университет мұражайына және симуляциялық орталыққа бару, сондай-ақ кешкі астана бойынша үш жайлы автобуспен экскурсия көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы