Астанада медицина қызметкері есірткі сатқан

Астанада медицина қызметкері есірткі сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, Астана қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін елордалық ауруханалардың бірінде медицина қызметкері ұсталды.

Медициналық ұйымдағы жұмыс орнын тінту кезінде ұсталған азаматтың жеке шкафында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар төрт полиэтилен орамы тәркіленді. Ол жалпы салмағы 240 грамнан астам гашиш есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аса ірі мөлшерге жатады.

 Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы