Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды - полиция жауабы
Әлеуметтік желілерде Астанада мас күйінде көлік жүргізген азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева ұсталды деген ақпарат тарады. Аталған мәліметке байланысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушіден алкогольдік мас болу күйі анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеру жүргізілуде, - делінген полицияның ресми хабарламасында.
Ал Астана қалалық сотының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты іс материалдары сотқа түспегенін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, судьяны ұстауға арнайы рәсімдер қарастырылған. Сондықтан судьяны бірден ұстауға жол берілмейді, - деп түсіндірді сот өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысының Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы