Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, демалыс күндері елордада жүргізілген рейд барысында мас күйінде көлік тізгіндеген 19 жүргізуші анықталған.
Астанада полиция қызметкерлері мас күйінде электромопед басқарған 23 жастағы азаматты ұстады. Жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмаған. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, демалыс күндері елордада жүргізілген рейд барысында мас күйінде көлік тізгіндеген 19 жүргізуші анықталған. Олардың арасында алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін электромопед басқарған 23 жастағы қала тұрғыны да бар.
Құқық қорғау органдары жас жігітті Сәтбаев көшесінде жүргізілген профилактикалық рейд кезінде тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында оның жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтың алкогольдік ішімдік ішкен болуы мүмкін екенін байқап, оны медициналық куәландырудан өткізген. Тексеру қорытындысы жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын растады.
Тексеру барысында азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, электромопед арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – делінген полиция хабарламасында.