Астанада Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді
Қарашаның 7-9 аралығында Елордада Маңғыстау облысының «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана халқы мен қонақтары үшін аңыз өріп, жұмбақ жайлаған қасиетті мекеннің мәдени жауһарларымен, бірегей өнер туындыларымен етене танысудың және рухани кездесулерге қатысудың сәті түсіп отыр.
Үш күнге жалғасатын мәдени-рухани шаралар аясында астаналықтарға арнап театр қойылымдары сахналанып, маңғаз Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны, өңір өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, сондай-ақ әдеби-сазды кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Өзгелердің жаңалығы