Астанада Мәңгілік ел мен Сарайшық қиылысындағы жолайрық жабылды

Астанада Мәңгілік ел мен Сарайшық қиылысындағы жолайрықта көлік қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында деформациялық тігістерді жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске схемаға сәйкес толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - деп ескертеді әкімдіктен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы