Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы Bus Lane іске қосылды

16 тамыздан Мәңгілік ел даңғылындағы Bus Lane іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бөлінген жолақ Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта екі бағытта әрекет етеді. 

Bus Lane-нің негізгі мақсаттары – жоғары жол кептелісі кезінде қоғамдық көліктің орташа техникалық жылдамдығын арттыру, апат санын азайту, сондай-ақ жедел жәрдем, арнайы қызмет, өрт сөндіру техникасы мен қызметтік таксилердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету. Бұл қозғалыс аралығын реттеуге және қоғамдық көлік аялдамаларында күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

 Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы Дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта №№ 12, 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарлар қызмет көрсетеді. Күніне 129 автобус жүреді. 

Айта кетейік, бұл осы жылы енгізілген екінші Bus Lane. Бұған дейін, Bus Lane Ш. Айтматов көшесінде енгізілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы