Кеше 2026, 23:48
Фото: pexels.com
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы уақытша жабылады
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Астанада 17-30 маусым аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығында жол жұмысына байланысты қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.