Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан көлік айрығының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

Қозғалыс 12 шілде сағат 21:00-ден 15 шілдеге дейінгі аралықта «Марал» көпірінен Д.Қонаев көшесіне қарай ішінара жабылады, - делінген хабарламада.

Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы сол жағымен (Д.Қонаев көшесінен «Марал» көпіріне қарай) бір бағытта жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы