Астанада Мәңгілік ел даңғылы 5 шілдеге дейін ішінара жабық болады

Астанада 23 маусым мен 5 шілде аралығында Хусейн бен Талал көшесінен бастап Фариза Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара тыйылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылында жол жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдейді, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы