Астанада мал азығы мен ветеринария бойынша көрмелер өтеді

Астанада 6-8 қарашада мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы бойынша «Jańa Dala/Farm Astana 2024» халықаралық көрмесі және жемшөп пен ветеринария бойынша «Jańa Dala/Vet Astana 2024» халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған ҚР АШМ өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, отандық даму институттарының, салалық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің сарапшылары қатысады.

Көрменің мақсаты - қазақстандық мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына тәжірибе және өндіріс технологияларымен алмасуға арналған платформаны қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу.

Басты назарда - Қазақстандағы мал дәрігерлігінің жай-күйі, жемшөп өндірісі мәселелері. Онда мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы саласындағы қазіргі заманғы ұсыныстар, жемшөп өндірісі, ветеринария, ірі тауарлы сүт өндірісі индустриясындағы соңғы әзірлемелер ұсынылатын болады.

Заманауи аграрлық технологияларды жеткізуші компаниялар үшін көрмелер ірі ұйымдармен, сондай-ақ шағын шаруашылықтармен және жануарлар иелерімен іскерлік байланыстар үшін тиімді салалық алаңдар болады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы