Астанада магистратураға түспекші болғандар алаяққа алданды
Бүгінгі күні полицияға 10 жәбірленуші арызбен жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақшалай сыйақы үшін 23 жастағы астаналық қыз оларға елордалық университетке түсуге көмектесемін деп уәде берген. Қыз университетте қажетті таныстары барын айтқан. Сонымен, магистратураға түсу үшін 9 болмай қалған студент оған 700 мың теңгеден төлеген, біреуі университетке түсу үшін 460 мың теңге төлеген. «Клиенттерді» қаскүнем өз достары мен таныстары арқылы тапқан.
Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде, - деп жазды Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеру қажет.