Астанада мәдениет және өнер саласының өкілдеріне қандай жағдай жасалып жатыр

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесуінде маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үй екенін айтты,  деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша мәдениет қайраткерлері санатына енгіздік; тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты өзге де тұрғын үй бағдарламалары бар. Биыл маусым айында мәдениет қызметкерлерінің жалақысы (кітапханашылар, суретшілер, мұражай қызметкерлері және т.б.) 30-дан 50%-ға дейін көтерілді. Еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады, - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, қаладағы бірқатар мәдени нысандарға жөндеу жүргізілді. Ал М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жөндеу жүріп жатыр. 

Өздеріңіз білетіндей, жөндеу жұмысы 2018 жылы басталған, алайда сыбайлас жемқорлық, оның ішінде мердігер тарапынан да заң бұзылғаны анықталды. Сот рәсімдері аяқталғаннан кейін жаңа мердігер анықталып, жұмыс қайта жанданды, - деді қала әкімі.

Ерекше қажеттілігі бар жандардың өтініші бойынша «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды. Инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беру. Ал арнайы сабақтардың арқасында олар да оңалтудың бір түрін алады.

Мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, оқушыларымызға арналған бірлескен жобаны іске қостық. «Музейдегі оқу күні» жобасы оқушылардың ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. Жоба теориялық білімді бекітуге бағытталған. Сол сияқты қалада мәдениет және өнер қайраткерлері, өзге де ниет білдірушілер қойылымдар мен спектакльдер өткізе алатын бірқатар қоғамдық кеңістіктер ашылды, - деді елорда әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Александр Куприенко
Өзгелердің жаңалығы