Астанада М. Жұмабаев даңғылының учаскесі жабылады

Астанада М. Жұмабаев даңғылының Балқантау көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайты осыған байланысты, 14 маусым күні көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы