Бүгiн 2026, 14:40 Фото: видеодан алынған кадр

Астанада LRT желісінде өрт шықты

Сығанақ көшесіндегі LRT электр кабельдері өртенді. Оқиға орнына мамандар мен өрт сөндірушілер жедел жұмылдырылды.

Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдерінің жануы орын алды. Бұл туралы Төтенше жағдалар министрлігі хабарлады.

LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді.

ТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру кадрларымен бөлісті.