12 Наурыз 2026, 13:35 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Астанада LRT тарифі бекітілмек: Бір реттік жол жүру құны қанша теңге болады?

Жекелеген санаттар үшін тегін жүру мүмкіндігі сақталады.

Астанада LRT-мен жүру құны 200 теңге болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Ашық НҚА» порталында Астана әкімдігінің жеңіл рельсті көліктегі (LRT) жолақы тарифіне қатысты қаулы жобасы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, бір реттік жол жүру құнын 200 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылып отыр. Жолақыны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз (картамен/телефонмен) да төлеуге болады. 

Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен (LRT) жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау үшін келесі тарифтерді белгілеу ұсынылады: қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде – 200 (екі жүз) теңге және жеңілдікті көліктік карта арқылы төлеу кезінде – 0 теңге, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, елорда тұрғындарының жекелеген санаттары үшін тегін жүру мүмкіндігі сақталады. Бұл жеңілдік қалалық мәслихаттың шешімімен 2017 жылдан бері қолданылып келеді.

Еске салайық, бұған дейін Президент ЛРТ желісін ұзартуды қолдады