Астанада LRT құрылысына байланысты көше жабылады
Елордада LRT құрылысына байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінде учаске жабылады, деп хабарлады "City Transportation Systems" компаниясы.
11 тамызда сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін LRT металл конструкцияларын бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралығында қозғалысқа толық шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты №52 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Компания өкілдері елорда қонақтары мен тұрғындарынан сапарды алдын ала жоспарлауды және Алматы мен Орынбор балама көшелерін пайдалануды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада бірқатар автобустың қозғалыс бағдары өзгерді
Өзгелердің жаңалығы