Астанада LRT-ны іске қосу 2025 жылға шегерілді
LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлімдеді.
LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген. Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген. Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Аяқталу мерзімі уақтылы қаржыландырылса – 2026 жылдың соңына дейін, - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында.
Еске салсақ, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз деген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы