Астанада LRT есігін күштеп ашпақ болғандар анықталды
Материалдар полицияға жіберіледі.
Бүгін Астана тұрғындары мен қала қонақтары LRT пойыздарының бірінің жұмысы уақытша тоқтап қалғанына шағымданды.
Тасымалдаушы компанияның хабарлауынша, жолаушылар тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзудың бірнеше дерегі тіркелген.
Мұндай әрекеттер апатты жағдай туындатуы және қозғалыстың уақытша кідіруіне әкелуі мүмкін.
Атап айтқанда, кейбір жолаушылар:
- платформадағы жедел тежеу батырмасын себепсіз басқан;
- пойыз ішіндегі қорғаныш әйнектің ар жағында орналасқан платформалық есіктерді шұғыл ашу батырмасын іске қосқан;
- вагон есіктерін ішінен өз бетінше ашуға әрекеттенген;
- есіктің жабылуына әдейі кедергі келтіріп, қолдарын есік арасына тосқан.
LRT жүйесі толық автоматтандырылған. Сондықтан мұндай әрекеттердің барлығы жүйе тарапынан қауіпсіздікке төнген ықтимал қатер ретінде қабылданады. Соның салдарынан пойыз тоқтап, диспетчерлік орталық қосымша тексеру жүргізеді, – делінген LRT баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тасымалдаушы жолаушылардан LRT пайдалану ережелерін сақтауды сұрады. Сондай-ақ камералар арқылы ереже бұзған азаматтар анықталғаны айтылды. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.
Компания өкілдерінің мәліметінше, мұндай әрекеттер жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, LRT жүйесінің тұрақты жұмысына кері әсер етеді.
- Астанада «Тазабек» атты робот оқушыларға қоршаған ортаны аялаудың маңызын айтты 16:06
- Алаяқтарға алданған адам ақшасын сақтап қалу үшін не істеуі керек? 16:03
- Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды 15:43
- Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз 15:25
- Тоқаев: Ешкім заңнан тыс қалуға құқылы емес – бұл менің берік ұстанымым 15:21
- Президент: Заң мен сот алдында бәрі тең, «өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге жол берілмейді 15:08
- Президент: Конституцияны, оның негізгі ережелерін менсінбеу – халықты кемсітумен тең 15:06