Астанада күрес түрлерінен ел біріншілігі өтіп жатыр
Жарысқа елдің барлық аймағынан 1200-ден аса спортшы келді.
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі өтіп жатыр. 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы бәсеке 2 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Боз кілем бәсекесіне елдің барлық аймағынан 1200-ден аса спортшы келді.
Бұл чемпионатта отандық күрес тарихында тұңғыш рет жүлдегерлерге сыйақы тағайындалды. Жас балуандардың жігерін жану үшін Қазақстан күрес федерациясы 17 жасқа дейінгілер арасында, топ жарғандарға 300 мың теңге көлемінде сыйақы бекітсе, 20 жасқа дейінгі чемпиондар 500 мың теңгеге ие болады. Сонымен қатар әдемі әдіс жасаған спортшыларға да арнайы жүлде бар.
Осы жерде жеңіске жеткен палуандарды іріктеп, жинақтап, олар Азия және әлем чемпионатына қатысады. Сонымен қатар бізде Қазақстанда болмаған, балаларды жігерлендіру мақсатында жүлде қорын 60 млн қойып осы жолы бекітіп жатырмыз. Болашақта бұл үрдісті ары қарай жасғастыруды қолға аламыз, – деді Дархан Сәрсенов, Қазақстан күрес федерациясының бірінші вице-президенті.