Бүгiн 2026, 20:53
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Астанада көшелердің бірі екі аптаға жабылады
Жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 3-15 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының К. Күмісбеков көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажеи. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.