Астанада көшеде тыр жалаңаш жүрген азамат 15 тәулікке қамалды
Астанада Ботаникалық бақ маңында мас күйде жалаңаш жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада Ботаникалық бақ маңында ер адам жалаңаш жүрген. Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде киімсіз жүрген видеосы тарады. Қала тұрғыны ер адамды ұстап, оны полицияға тапсырған.
Оқиғаға қатысты Астана полиция департаменті пікір білдірді.
25 жастағы ер адам ұсталды. Ол мас күйінде көшеге киімсіз шыққан. Бұл қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып саналады. Аталған құқықбұзушылық бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам мүгедек әкесін ұрғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймағамбетов енді халықтың өмірі өзгеретінін айтты
Өзгелердің жаңалығы