Астанада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада өтеді

16-19 мамыр күндері Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді. Жарысқа еліміздің барлық облысынан 60-тан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Топтық жаттығулардағы жарысқа 2008 жылы туған бір гимнастан ғана жіберіледі. Спартакиадаға Қазақстан құрама командаларының көшбасшылары, соның ішінде Айбота Ерсайқызы, Елжан Таниев, Ерік Жайлауов, Милан Парфилова қатысады.Көпсайыс финалына жеке бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 15 спортшы жіберіледі. Көпсайыс финалының жеңімпазы ең жоғары балл сомасы бойынша анықталады.

Жеке бағдарламада көпсайыстың жекелеген түрлерінде финалға көпсайыстың әрбір түрінде ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 8 спортшы жіберіледі. Топтық жаттығулардағы көпсайысқа – біліктілігі жоғары аймақтан бір команда.

Турнирдің ресми ашылу рәсімі 17 мамыр күні сағат 12: 00-де Qazaqstan СК жеңілатлетикалық кешенінде өтеді.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Астана әкімдігі.

Іс-шараның мақсаты – халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спортты өскелең ұрпақ арасында танымал ету.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы