Қазақстан-Корея дипломатиялық байланысына 35 жыл толды
Астанада корей диаспорасына арналған халықаралық семинар өтеді
29 мамырда Астанадағы «Диаспора саясаты және тарихи мұра: этникалық корейлер қауымдастығы арқылы корей-қазақ ынтымақтастығының болашағы» тақырыбында халықаралық саяси семинар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семинар корей қауымдастығының тарихы мен мұрасын, Корея мен Қазақстанның диаспоралық саясат тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстандағы корей диаспорасының жетістіктерін жан-жақты талқылауға арналады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шара «саясат – мұра – адамдар» қағидаты бойынша үш негізгі сессияға бөлінеді.
Алғашқы сессияда Корея Республикасының шетелдегі отандастарға қатысты саясаты, Қазақстанның этносаралық келісім саласындағы тәжірибесі және Отандастар қоры жүргізіп отырған диаспоралық саясат мәселелері қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстандағы корей қауымының тарихи мұрасы мен тарихи-мәдени ескерткіштерді бірлесіп сақтау мәселелері талқыланады.
Ал үшінші сессия корей диаспорасының әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне және осы бағыттағы саясаттық ұсыныстарға арналады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың символдық жобаларының бірі ретінде K-Park бастамасы таныстырылады.
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі семинардың Қазақстандағы корейлердің қоныс аударғанына 90 жыл және Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуы қарсаңында өтуінің символдық мәні зор екенін атап өтті.
- Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды 07:12
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40
- Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Трамп Ресей дизеліне қатысты келісімнен кейін Зеленскийді сынға алды 01:29