Астанада көпқабатты үй өртеніп жатыр
ТЖМ өрт сөндірушілері елорданың Алматы ауданы Б. Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконның жануын сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін балконның ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндіруде. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Австралия 5 млн баланың аккаунтын өшірді
Өзгелердің жаңалығы