Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Елордада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Байқоңыр ауданы Ғабдуллин көшесі бойында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақырту бойынша өрт сөндірушілер дереу жетті. Қызыл жалын сағат 22:49 толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің ауданы анықталуда.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы