Астанада көпір үстінде видео түсірген семейлік жауапкершілікке тартылды
Абай облысының полицейлері "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Семей тұрғынын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Азамат достарымен бірге Арыс көпірінің автожол бөлігінде серуендеп, бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Алайда интернеттегі “атақ” оны жауапкершіліктен босатқан жоқ.
LADA PRIORA автокөлігінің жүргізушісі туған қаласына оралған соң, бірден ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау, белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, көлік құралын тоқтату қағидаларын бұзу, - делінген хабарламада.
Көпірде жаяу жүрген жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды
Келесі жаңалық
Мәдениет – ел айнасы
Өзгелердің жаңалығы