Астанада көпбалалы аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталды

Астананың бес ауданында 100-ге жуық көпбалалы ана "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шаралар Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Салтанатты жағдайда көпбалалы аналар елорда аудандары әкімдерінің қолынан "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерін алды.

Аудан басшылары еліміздің болашағы сәби сүйіп отырған аналардың қолында екенін атап өтті. Олар балалардың патриотизмді сіңіріп, жастарды ұлттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға және ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Айта кету керек, "Алтын алқа" жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға беріледі.

"Күміс алқа" төсбелгісі алты бала тәрбиелеп отырған әйелдерге беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы