2 Шілде 2026, 09:51
Фото: Конституциялық Сот
Астанада Конституция күніне орай жаңа аллея ашылды
Жаңа аллея Мәңгілік Ел даңғылында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Конституциялық Соттың жанында орналасқан.
Елордада Қазақстан Республикасы Конституциясының заңды күшіне енген күніне орай жаңа аллея ашылды.
Жаңа аллея Мәңгілік Ел даңғылында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Конституциялық Соттың жанында орналасқан.
Елордада қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру игі дәстүрге айналған. Алайда бұл аллеяның орны ерекше. Өйткені оның ашылуы Конституция күніне орайластырылды.
Айта кетейік, Конституция – елдің Ата заңы ғана емес. Ол мемлекеттің негізгі құндылықтарын айқындайтын басты құжат. Бұл құндылықтар заңдарда ғана емес, күнделікті өмірде де көрініс табуға тиіс.
Жаңа аллеяның ашылуы – дамуға ұмтылыстың, жайлы қалалық орта қалыптастырудың және Қазақстанның игілігі жолындағы ортақ жауапкершіліктің символы.
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:12
- «ҰБТ-ны сіздің орныңызға тапсырамыз»: талапкерлерге маңызды ескерту жасалды 20:55
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13