Астанада компьютер ұрлаған адам ұсталды
Астанада компьютер ұрлығын жасаған ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 2 млн 640 мың теңгеден астам сомаға компьютерлік техниканы ұрлаған 39 жастағы ер адамды анықтады.
Қаскүнем компьютерлік техниканы сататын компанияда менеджер лауазымында жұмыс істегені анықталды. Ол қоймаға еркін кіріп, мүлікті газельге тиеп, үлкен көлемдегі техниканы ұрлаған. Ер адам ұрланған компьютерлерді ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлерге сақ болуға кеңес береді. Мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дабыл жүйесі мен бейнебақылау камераларын орнатыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Өзбекстан Президентінің көмекшісін қабылдады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы