Астанада коммуналдық қызмет дауылдың салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді
Күннің бұзылуына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаланың коммуналдық қызметтері табиғи желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Бүгін сағат 21:30-да қатты желдің салдарынан №79 мектеп-лицейінің қасбетінің бір бөлігі опырылып түсті. Залалдың болжамды көлемі – шамамен 120 ш.м. Қалпына келтіру жұмысы ертең басталады. Қауіпсіздік мақсатында учаске қоршалады, құлаған бөлігі таңертең шығарылады.
Ауа райына байланысты тұрғындар шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда көшеге шықпағаны және үйде болғаны жөн.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер көшеде жүргенде қатты желге тап болсаңыз, құтқарушылар жерасты өткелдерін немесе ғимараттардың кіреберістерін паналауды ұсынады.
Үйлердің қабырғасының жанында қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шифер мен басқа да материалдар шатырдан құлауы мүмкін.