19 Қазан 2026, 12:27 Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады? 

Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны мен 10 қойма жұмыс істейді.

Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны мен 10 қойма жұмыс істейді. Отынды сегіз компания сатады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал көшесі, 28/2; Мақат көшесі, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; Мақат көшесі, 4/1; 70-өткел, №9А; 2-ЖЭО; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28; Герцен көшесі, 6Б.

Бір тонна көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл – 19 500 теңге;
Қаражыра – 18 800 теңге;
Майкөбе – 16 800 теңге.

Көмірдің бар-жоғын, қорын және бағасын 109 жедел желісіне қоңырау шалып нақтылай аласыз.