Астанада көмір сататын 14 орын белгіленді
Астанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Көмір сататын жерлерде 8 өткізуші компания өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.
Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша көмір қоры, бағасы және бар-жоғы туралы ақпараттарды білуге болады.
Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде:
Шұбаркөлдің тоннасы – 13 800 тг;
Қаражыра көмірінің тоннасы – 14 500 тг;
Майкөбе көмірінің тоннасы – 12 700 тг.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде бір жарым мыңнан астам «Сергек» камерасы іске қосылады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы