Бүгiн 2026, 01:48 Фото: pixabay

Астанада көлікті тұраққа қою ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді

Астанада Айтматов көшесі, 77/7 мекенжайында орналасқан тұрғын үй тұрағында құқықбұзушылық фактілері тіркелген.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, автокөлікті тұраққа қою және тоқтату қағидаларының сақталуына тұрақты түрде бақылау жүргізіп келеді.

Айтматов көшесі, 77/7 мекенжайында орналасқан тұрғын үй тұрағында құқықбұзушылық фактілері тіркелген. Тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Уәкілетті органдар қаладағы жол инфрақұрылымы тұрақты бақылауда екенін еске салады. Астанада құқық бұзушылықтардыАстанада көлікті тұраққа қою ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді анықтау және тіркеу үшін заманауи техникалық құралдар пайдаланылады. Мобильді және стационарлық бақылау жүйелері көлікті тоқтату мен тұраққа қою қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейді. «Тұраққа қоюға тыйым салынады», «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгілерінің талаптарын бұзған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды заңсыз иеленген көліктер айыппұл тұрағына эвакуациялануы мүмкін, – деп жазылған хабарламада.