Астанада көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Астана полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы  барысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда аумағында 09-11 қараша аралығында көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Екі күннің қорытындысы бойынша 56 қылмыс тіркелді, оның 27-сі «кезекші тәулікте» ашылды. Сондай-ақ бұрын жасалған 30 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды. 

Тұрғын үй алаптарына 621 аралау жұмыстары жүргізілді, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 1 035 тұлға тексерілді.

 Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 2 247 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 253 ұсақ бұзақылық, 196 тыныштықты бұзу, 320 алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері. Түнгі уақытта қоғамдық орындарда ересектердің еріп жүруінсіз болғаны үшін 53-ке жуық кәмелетке толмаған ұсталды. Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 9 жүргізуші ұсталды. Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 302 фактісі анықталды. 

Сондай-ақ, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқарып, жүргізу құқығынан айырылған қала тұрғынын ұстады. Сонымен қатар, көлік шамдарын қоспай  жүрген.

35 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Mitsubishi Lancer» маркалы автокөлігі айналма жолда тоқтатылды. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ол орташа ауырлықтағы мас күйінде болған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы