Кеше 2026, 22:40 Фото: unsplash.com

Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

Халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 20-24 сәуір аралығында қала көшелерінің жекелеген бөліктерінде уақытша шектеу болады.

Елордада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 20-24 сәуір аралығында қала көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды.