Астанада көлік картасына арналған екі касса жабылады
CTS қарамағындағы 2 мамандандырылған кассаның жабылатындығы туралы мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 наурызда Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайындағы елордалық цирк ғимаратында орналасқан касса. 28 наурызда Петров көшесі, 24 мекенжайындағы «Еуразия» СҮ касса.
Орталық касса және «Сапаржай» автовокзалында орналасқан кассалар қалыпты жұмыс істейді.
Бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін кассаға бармай, қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.
Әзірге лезде толтыру Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Басқа банктермен келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, көлік карталарын елорданың сауда нүктелерінде төлем терминалдары арқылы толықтыру қолжетімді болатындығы туралы қосымша хабарлаймыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мүгедекті бар 3,8 мың адам курорттық ем алды
Өзгелердің жаңалығы