Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендер, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.
Жеке сектор тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур арқылы өңдейді, яғни дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді. 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр. Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде сақтау керек.
Сондай-ақ дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттармен өңдеу өзендердің, каналдардың, су айдындарының жағасында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды.
Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.
- ШҚО-да директор жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеген 13:02
- Қазақстан Таяу Шығыстан 10 мыңға жуық азаматты алып шықты 12:51
- Семейде әйел көпірден секіріп кетті 12:40
- Қазақстанда әрбір екінші ересек артық салмақтан зардап шегеді 12:30
- "168 бала қаза тапты": Иран АҚШ-ты айыптады 12:18
- Таразда жеті қыз жабылып, 9-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққан 11:58
- Теміртауда 185 млн теңгенің криптовалютасын өндірген азаматқа үкім шықты 11:48