Астанада клиенттерге "күш-қуат" арттыратын қоспа сатқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды
Спорттық қоспа - есірткі болуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады.
Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сатты деген күдікпен элиталық клубтың фитнес-жаттықтырушысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның айтуынша, ер адамнан мефедронның бір реттік 10 дозасы тәркіленген.
34 жастағы ер адам, келушілердің сеніміне кірген. Тыйым салынған заттар фитнес-клубқа келушілер, яғни оның клиенттері арасында таратылған. Адамдар оған денсаулық, тәртіп пен нәтиже үшін келіп, тәлімгер әрі кәсіби маман ретінде сенім артқан. Алайда, тергеу нұсқасы бойынша, бұл сенім заңсыз мақсаттарда пайдаланылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі, азаматтарды сақ болуға шақырады. Спорттық қоспалардың атымен, есірткі таратылуы мүмкін. Күдікті жағдайлар туралы, дереу плицияға хабарлау қажет, – деп атап өтті ол.
- Ресей ДДСҰ-ға Иркутскіде оба ауруының тіркелмегенін хабарлады 05:17
- Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді 03:47
- АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді 02:35
- 7 қазанға валюта бағамы 01:22
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026
- Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды 06.10.2026