Астанада кісі өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды
Әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелеріне қатысты қастандық жасады деп күдікке 21 жастағы елордалық жігітті ұстау сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала нұсқа бойынша, отбасылық жанжал телефоннан шыққан.
Болжам бойынша, жас жігіт Free Fire ойнай берген соң үйдегілер оның ұялы телефонын алып қойған. Түнде барлығы ұйқыға кеткенде ол пышақты алып, отбасының әр мүшесінің тамағын орып шыққан. Бір адам оқиға орнында жан тапсырды, үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
Күдікті, елорданың 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалға туыстарының оған айтқан ескертуі түрткі болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды
Өзгелердің жаңалығы