Астанада кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласында Жастар күніне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық жастарды қолдау және елдегі адами капиталдың сапасын дамыту болып саналады.
Осыған орай Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» ЖРО», Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ және «Сарыарқа» ауданының әкімдігімен бірлесіп, жұмыс іздеп жүрген адамдар үшін, оның ішінде елордалық жастар үшін «Арбат» жаяу жүргіншілер көшесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып саналады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер, өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Жәрменке 12 тамыз 15:00-тен 17:00-ге дейін, «Арбат» жаяу жүргіншілер көшесінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы