Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада 22 және 23 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 22 және 23 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Египетте фараонның қабірі табылды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында жолда қалған 40-қа жуық адам құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы