25 Шілде 2025 2025, 00:32 Фото: Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Астанада кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 шілде мен 6 тамыз аралығында Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған бағытта көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - делінген хабарламада.

Қозғалыс бір бағытта ғана ұйымдастырылады: алдымен Республика даңғылы бойымен, кейін Бейбітшілік көшесіне қарай жүруге рұқсат етіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауы сұралады.