Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі екі күнге толығымен жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады. Сонымен қатар 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады, - делінген әкімдіктің ақпаратында.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы